Дс-Жұма: 07:30-18:00

Сб-Жб: Демалыс

Астана қаласы, Алматы, 13/1

Хабарландыру

Астана қаласының Білім басқармасы мектепке дейінгі ұйымдардағы топтарды жазғы жинақтау кестесін жасады.

Орындар үш кезеңмен бөлінетін болады. Алдымен мемлекеттік түзету және санаториялық балабақшаларға, инклюзиялық топтарға балалар қабылданады. Одан кейін жалпы білім беретін жеке меншік балабақшаларға қабылдау жүреді. Және ең соңында мемлекеттік жалпы білім беретін балабақшаларға балалар қабылдана бастайды.

Толық кесте ED24 қосымшасының барлық пайдаланушыларына жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, бос орындар алдымен басымдық кезегіне түседі. Үш жұмыс күні (күнтізбелік емес, жұмыс күндері) өткен соң басымдық кезегінен қалған орындар жалпы кезекке жіберіледі.

Құрметті ата-аналар!

Балалардың мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдануы көптеген нормативтік құжаттармен реттеледі. Indigo интернет-порталын пайдаланып, пайдаланушылар еліміздің заңнамасын сақтауға міндетті

Сондай-ақ Indigo интернет-порталының қызметтегі заңнамаға негізделген толық жұмыс ережелері бар, әрбір пайдаланушы олармен танысуға міндетті.

Оларды оқып шықпай, ережелермен келісімге белгі қоймаңыздар.

2023 жылы жұмыс ережелері өзгерді: жеке кабинетті және интернет-порталының жұмысы ережелерін бұзғандар 6 ай мерзіміне бұғатталатын болады.

Соттың заңды күшіне енген шешімінен басқа ешқандай өтініштер мен түсініктемелер қабылданбайды.

Байланыс ақпарат

Телефон:

Телефон:

Мекен-жай:

Астана қаласы, Алматы, 13/1