Дс-Жұма: 07:30-18:00

Сб-Жб: Демалыс

Астана қаласы, Алматы, 13/1

Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған ресурстар

  • Tilqural.kz Мемлекеттік тілді А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлерінде үйренуге мүмкіндік беретін онлайн қазақша платформа.

  • Abai.institute Абай әлеміне саяхат. Қазақстанда және шетелде қазақ тілін оқыту бағдарламасы шеңберінде әзірленген веб- портал.

  • Tilmedia.kz Үштілді сайт, орыс және ағылшын тілді азаматтарға мемлекеттік тілді қызықты әрі тиімді оқуға көмектеседі. Бейне ролик, тыңдау, оқу, сұрақ-жауап арқылы тілді үйретудің түрлі әдістері және қосымша балаларға арналған танымдық бейне роликтері көрсетіледі.

  • Balatili.kz Қазақ тілін оқып, дамытқысы келетін үш жастан асқан балаларға, сонымен қатар бала тәрбиесі мен оқытуды жүзеге асырушы тәрбиешілер мен мұғалімдерге, ата- аналарға арналады.

  • Tilalemi.kz Тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған сайт.

  • Emle.kz Қазақ тілінің орфографиялық электрондық базасы.

  • Sozdikqor.kz Әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін, қазақ тіліндегі көне сөздерді, кірме сөздерді, аймақтық және ақпараттық технологиялардың даму кезеңіндегі жаңа технологиялық сөздердің мағынасын көруге мүмкіндік беретін платформа.

  • Qazcorpora.kz Табиғи тіл ресурстарын жинақтап, тілді нормаландыру, жүйелендіру, нәтижесін көпшілік тұтынушыға ұтымды пайдалануға ұсыну платформасы.

  • Qujat.kz Барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген портал.

  • Atau.kz Жер-су атаулары жинақталған ономастикалық электрондық базасы.

  • Qazlatyn.kz Еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін ұлттық портал.

Байланыс ақпарат

Телефон:

Телефон:

Мекен-жай:

Астана қаласы, Алматы, 13/1