Дс-Жұма: 07:30-18:00

Сб-Жб: Демалыс

Астана қаласы, Алматы, 13/1

Ақпарат

Астана қаласы әкімдігінің № 75 «Балалық шақ» балабақшасында 10 наурыз күні «Балалардың зияткерлік дамуын қамтамасыз ететін заттық-дамытушылық ортаны ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» атты қалалық-семинар практикум өткізілді. Қатысқандар: Астана қаласы «Әдістемелік орталығы» МКҚК және мектепке дейінгі балабақша педагогтері.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың қалыпты дамып, жетілуі үшін қажетті дамытушы орта балабақшада ұйымдастырылған. Тек осындай ортада баланың қызығушылығы дами түседі, қиялы, ақыл-ой жəне бейнелік қабілеттері, қарым-қатынас жасау дағдысы дамиды, ең бастысы, үйлесімді тұлға дамуы жүзеге асады.

Семинар –практикумда кіші топ балалары ата-аналарымен бірге музыкалық ұйымдастырылған іс-әрекет барысында «глюкофон» музыкалық аспабымен танысып күй орындап ән айтты.

Ересек топ балалары «менің шеберханам» атты ұйымдастырылған іс-әрекет барысында ұсталық өнер, шағын ательеде өздерінің қолынан жасалған бұйымдарды әшекейледі. Халық және гумандық педагогика негізінде ұйымдастырылған технологияларды, заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып ұйымдастырылған іс-әрекеттер ұсынылды. Интерактивті технологиялар, Воскобович технологиясы, мнемотехника, графикалық модельдеу әдісі, саусақпен сурет салу әдісі, губкаграфика әдісі.

Семинар-практикум өзінің мақсатына жетті және педагогтердің көңілінен шығып балабақша ұжымы ризашылықтарына бөленді.ы

Байланыс ақпарат

Телефон:

Телефон:

Мекен-жай:

Астана қаласы, Алматы, 13/1